
2022 жылғы 1 қарашада 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелері бойынша Шарбақты аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту кестесіне сәйкес № 439 УСК мүшелеріне сайлауалды семинар-тренинг өткізілді. Интерактивті дәріс арқылы іс-шара модераторы оқу іс-шарасына қатысушыларды УСК жұмысының негізгі бағыттарымен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, сайлау кезеңіндегі қызметінің мазмұнымен, кезектен тыс сайлау кезіндегі жұмыс алгоритмімен, дауыс беру тәртібі және дауыс беру нәтижелерін анықтау бойынша ақпарат берді.