Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, В.Чайко көшесі, 39, байланыс телефондары: 8 (71836) 21354, 22183.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясы және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 21 маусымдағы «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары» № 227 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2020 жылғы 28 мамырдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 197 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығы, ЕХӘҚМ 2024 жылғы 15 қарашадағы «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы», «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» №427, 428 бұйрықтары.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылдың қорытындысы бойынша Бөліммен мемлекеттік қызметтің 1780 түрі көрсетілді, оның ішінде:

  • қызмет көрсетушілер арқылы – 353;
  • проактивті форматта – 156
  • «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы – 1205;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы - 66.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2025 жылы сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (212 қызмет көрсетілді);

- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу (110 қызмет көрсетілді);

- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру (870 қызмет көрсетілді).

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары ілінген стенд орнатылған.

Инстаграм (@jumispenqamtybolimi.sharbaqty) ресми сайтында апта сайын мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы ақпарат жарияланады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жүзеге асырылмады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында Бөлім қызметкерлерімен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен, 2025 жылдың қортындысы бойынша Бөліммен Александровка ауылдық округі (Алексеевка ауылы), Жылыбұлақ ауылдық округі (Хмельницкое ауылы), Галкино ауылдық округі (Галкино ауылы), Шалдай ауылдық округі (Шалдай ауылы), Шарбақты ауылдық округі (Шарбақты ауылы) тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 3 кездесу өткізілді, мемлекеттік қызметтер алу әдістері туралы 4 тікелей эфир, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2 онлайн жәрмеңке, 6 дөңгелек үстел, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 3 кездесу, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары туралы 2 бейнеролик жасалды, мемлекеттік қызметтерді алудың қадамдық алгоритмдері әзірленуде.

Сондай-ақ, ай сайын бөлім қызметкерлерімен тұрғындарға әлеуметтік қорғау саласында қызметтер көрсету туралы ақпараты бар брошюралар таратылады, 2025 жылы 438 брошюра таратылды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім ғимаратында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтары бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 35 мемлекеттік қызмет алынды.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсететін 1 маман «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бюрократиясыздандыру және арттыру» тақырыбы бойынша 4 күндік біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында проблемалық мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік құқықтық бөлімге жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жаппай құқықтық оқыту жүргізілді.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2025 жылы Шарбақты ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша профилактикалық бақылау  жүргізілді. Бақылау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде 4-тармақ бойынша 36 заңбұзушылық фактісі анықталды.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2025 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттікқызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігімен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың алдын алу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерін ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде, әлеуметтік желі парақшаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

- мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосұлба, шақыру түймелері, белгілер және т.б.);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы насихаттау, қызметалушыларды ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу.

 

 

 

Бөлім басшысы                                            А. Нургалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. А.Смакова,22183

Дата публикации
13 марта 2026