Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-3 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрагасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
Е-3 |
305 232 |
350 615 |
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21290, e-mail: moskovskaya.irina@pavlodar.gov.kz Шарбақты ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, E-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, аудан аумағындағы азаматтық қорғау бойынша жұмыстарды, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша құжаттарды жүргізуді жүзеге асырады; құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін, құпия іс жүргізуді, лауазымды адамдардың мемлекеттік құпияларға рұқсаты бойынша материалдарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Павлодар облысы әкімінің аппаратына құпия іс жүргізу бойынша жылдық есептерді тапсыру; облыс әкімдігінің, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің және жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды ұйымдастыру басқармасының және Шарбақты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің хатхабарларымен жұмыс; аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды үйлестіру; ауылдық округ әкімдерімен, «Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ, ҰҚК, «Шарбақты ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ, қорғаныс істері жөніндегі бөліммен және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» 25-ӨСБ бөлімшесімен өзара ісқимыл жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның кеңестерінде, отырыстарында қарау үшін материалдар дайындау; белгіленген оқу-жаттығулар, жаттығулар тақырыбы бойынша АҚ және ТЖ басқару органдарын дайындау бойынша негізгі ісшаралар жоспарын орындау; АҚ және ТЖ жөніндегі бас инспектордың ағымдағы қызметіне байланысты мәселелерді жедел шешу, Жоғары тұрған басшылықтың жәрдемдесуін немесе араласуын талап ететін міндеттер бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады; запастағы және техникадағы әскери міндеттілерді зерделеудің жыл сайынғы жоспар - кестесін жасау, кестеге сәйкес әскери міндеттілер мен техниканы зерделеу; АҚ және ТЖ жөніндегі бас инспектордың құзыретіне кіретін аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
«А» функционалды блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқық); педагогикалық ғылымдар (алғашқы әскери дайындық); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (құқық қорғау қызмет және/немесе әскери іс және/немесе ұлттық қауіпсіздік және/немесе қоғамдық қауіпсіздік).
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның ішінде уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және ілгерілету жөніндегі мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар әкімшілік актіге, конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға сотқа дейінгі тәртіппен шағымдануға құқылы.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш) (нысан қоса беріледі);
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттік қызметшінің тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей куәландырылған қызметтік тізімі.
Кандидаттар кандидаттың жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қабылдау мерзімінде "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 54-тармағына сәйкес (Агенттіктің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы) әңгімелесу және іріктеудің өзге де құралдарын өткізу кезінде кандидат, егер бұл Конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазу құралдарын да пайдалана алады.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
_____________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы _____________________________________________________
Байланыстелефонлдары_______________________________________________
e-maіl: ______________________
ЖСН ______________________
____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.