Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияның тізбесі негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге орай алушылардың өтініштері талап етілмей біржолғы әлеуметтік көмек:
«4) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы:
туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға ай сайын 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
қатерлі ісіктер аурумен ауыратын тұлғаларға бір рет 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
орфандық аурулардан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
нерв жүйесінің дегенеративті ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
эпилепсия ауруынан зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
ми тамырларының ауруларынан (инсульттер) (1 жыл ішінде) зардап шегетін тұлғаларға бір рет 3 (үш) АЕК мөлшерінде.
Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша кодына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардардың жеке (карточкалық) банктік шот деректемелерін көрсете отырып, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шарбақты аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынымен ұсынылады.
Тізімді ұсынудың мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін.
Әлеуметтік көмек алушының «Тіркелген халықтың тізілімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген және тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымында мәліметтер болмаған жағдайда әлеуметтік көмек жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде көрсетіледі.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |