Шарбақты аудандық "Sharbaqty" газеті

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Sharbaqty» аудандық газеті» ЖШС кандидаттар үшін материалдарды қабылдау шарттары, редакцияның ақпараттық қызметтеріне ақы төлеу нысандары мен мөлшері туралы ақпаратты жариялайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңнамаға сәйкес Шарбақты ауданының Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттар өздерінің үгіт материалдарын орналастыра алады, сондай-ақ тиісті органдар «Sharbaqty» аудандық газеті» ЖШС БАҚ-да ақпараттық материалдарды орналастыра алады. 

 «Sharbaqty» газетінде  бірінші жолақ бір шаршы сантиметр үшін 370 теңге, соңғысы (түсті) - 320 теңге, төртінші және бесінші (түсті) - 270 теңге, қалған жолақтарда - 190 теңге, қазақ және орыс тілдерінде баспа басылымдары үшін модульдер жасау - 15 мың теңге тұрады. Қазақ және орыс тілдерінде баспа басылымдарына арналған модульдерді орналастыру бағасы жолақта орналастыруға байланысты болады, журналистің жұмысы-10 пайыз.

Instagram-да фотопост орналастыру - 10 мың теңге, бейне - 8 мың теңге, стористегі фото-4 мың теңге, стористегі 15 секундтық бейне-5 мың теңге.

Материалдарды ұсыну шарттары мен орналастыру тәртібі: өмірбаяндық деректерді, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелерін және графикалық бейнелерді қамтитын материалдар, ақпараттық қызметтер көрсетуге және ақы төлеуге шарт жасасқаннан кейін редакция сәрсенбіден сағат 10.00-ге дейін газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне жариялауға қабылдайды (ұсыну тәсілдері - кандидаттың не сенім білдірілген адамның қолы қойылған қағаз тасығышта және электронды түрде (флэш-диск және т.б.). Кандидаттардың сөз сөйлеуі жарияланымдарының кезектілігі материалдардың түсу тәртібімен не егер өтініштер редакцияға бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.

Сайлау алдындағы ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын орналастыру мәселелері бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: 141100, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Малайсары тархан көшесі, 42. E-mail: sharbaqty@gmail.com. Телефон: 2-12-63.

Дата публикации
28 января 2026