Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 4 ақпаннан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс: tic_pav_she@saylau.kz, Шарбақты ауылы, Чайко көшесі 39 .
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы