2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылсын:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шарбақты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Дата публикации
21 января 2026