Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі «Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы» №79/1 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 5-қосымшасының 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мынадай редакцияда енгізілсін:
«36-1) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды
Аудан әкімі С.Иманкулов