Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы өзгертілді.
Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 35/12 шешіміне өзгеріс енгізудің мақсаты аталған шешімді ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкестікке келтіру болып табылады.
Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.