Мазмұны
|
№ |
|
Бет |
|
1 |
Паспорт |
5-6 |
|
2 |
Аумақты дамытудың көрінісі мен перспективалары |
6-7 |
|
3 |
3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау |
7-12 |
|
|
Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтиже көрсеткіштері және ресурстар |
13-17 |
1-бөлім. Паспорт
|
Өңірдің атауы |
Шарбақты ауданы
|
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Шарбақты ауданы 1928 жылы құрылған. Аумағы – 6,8 мың км². Аудан облыстың шығыс бөлігінде орналасқан және Павлодар облысының Успен ауданымен (солтүстігінде), Аққулы (оңтүстігінде), Павлодар (батысында) және Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен (шығысында) шектеседі. Аудан халқы – 18,0 мың адам. Аудан орталығы – Шарбақты ауылы. Ауданда 7 ауылдық округ бар. Барлығы 27 елді мекен. Шарбақты ауданы экономикасының басым саласы – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ауданның жер қоры, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің жалпы ауданы – 557,6 мың га, оның ішінде: егістік жерлер - 224,4 мың га; тыңайтылмаған жерлер - 1,2 мың га; жайылымдар - 316,9 мың га; шабындық жерлер - 0 мың га. Кәсіпкерлік құрылымдардың тұрақты өсуі мен дамуы нарықтық экономиканың міндетті шарты болып табылады. Нарықтық экономиканың дамуында шағын кәсіпкерліктің маңызы зор. Халықтың кең топтары арасында экономикалық белсенділігін ынталандырады, қоғамдық қажеттіліктердегі өзгерістерге жедел жауап береді, бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына қатысады және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Даму бағдарламасының негізгі мақсаты – Павлодар облысының Шарбақты ауданы аумағында шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, рөлін, өзіндік ерекшеліктерін айқындау және шағын бизнестің алдында тұрған ең өзекті мәселелерді белгілеу болып табылады. Шарбақты ауданын шағын бизнесті дамыту үшін өте перспективалы өңір деп санауға болады. Өңір Ресей сияқты стратегиялық маңызды көршілес елмен шектеседі, ал Павлодар қаласы ірі өнеркәсіптік және сауда орталығы болып табылады. Мұның барлығы көлік және теміржол магистральдарының тоғысқан жеріндегі қолайлы географиялық орналасумен ұштасып, ауданды кәсіпкерлік үшін тартымды етеді. Облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы саласында шағын бизнес негізінен шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. |
|
Бағыттар, негізгі ұлттық көрсеткіштер, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтиже көрсеткіштері
|
Ұлттық даму жоспарын іске асыру 2-бағыт: Өсудің жаңа нүктелері НҰИ 26 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны НҰИ 27 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны 3-бағыт: Өмір сүрудің жоғары сапасы НИ Жұмыссыздық деңгейі 1.1. Нәтиже көрсеткіші Жұмысқа орналастырылған азаматтар саны Соның ішінде жастар Іс-шаралар: Субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Мақсат. Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімі мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру НИ 1. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 1.3. Нәтиже көрсеткіші Балалардың мектепке дейінгі дайындық деңгейі НИ 2. Меншік нысанына қарамастан, білім беру мен оқыту сапасын бағалау критерийлеріне сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 1.4. Нәтиже көрсеткіші Жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған мектептердің үлесі НҰИ 13 Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктер және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, ауыл МӘДЕНИЕТ 3.1. Нәтиже көрсеткші Мәдени нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейінің өсуі СПОРТ 4.1. Нәтиже көрсеткіші Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санын жалпы халықтың 50%-ына дейін арттыру ХАЛЫҚТЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 6.1. Нәтиже көрсеткіші Тұрғындардың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету: 6.3. Нәтиже көрсеткіші Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы Ақпараттық коммуникация 8.1. Нәтиже көрсеткіші Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету НИ Негізгі капиталға инвестициялар НИ Сыртқы НКИ үлесі ЦИ Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және жою үлесі Шарбақты ауданы 5-бағыт: Басқа жоспарлау құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсетуді іске асыру 3-мақсат: Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру ЦИ Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі ,Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаттары. Қаржыландыру көлемі: алдын ала есептеулерге сәйкес ауданның даму жоспарын іске асыруға жалпы көлемі 11 513,9 млрд теңге бағыттау жоспарлануда, оның ішінде жылдар бойынша: 2026 жыл – 5 508,9 млрд теңге; 2027 жыл – 2 977,6 млрд теңге; 2028 жыл – 3 027,4 млрд теңге.
*Қаржыландыру көздері бойынша шығыс сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануын ескере отырып түзетілетін болады. *– сомалар түзетілетін болады. |
2-бөлім. Аумақты дамытудың көрінісі мен перспективалары
Экономиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімі ауданның бәсекелік артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
2026–2030 жылдары ауданда индустрияландыру саясаты өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұлғайту ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу желісін кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестиция салу есебінен қамтамасыз етіледі.
2026-2030 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібі саласында жоспарлануда:
- қолданыстағы өңдеу объектілерін жаңғырту;
- «Победа» ЖШС азық-түлік өнімдері, дайын азық және консервіленген өнімдерді өндіру көлемінің артуы есебінен.
Салауатты әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесі ауданда білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Ауданда өндірістерді іске қосу және кеңейту, жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады.
2022–2026 жылдарға арналған жобаны іске асыру аясында «Aibars LTD» ЧК жылына 72 000 тонна май экстракциялау зауытын салуды жоспарлап отыр.
Әр жыл сайын халық жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылатын болады. Жұмыссыздық деңгейі 4,1%-дан аспайды. Лайықты еңбекті насихаттау және халықты әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау.
Шарбақты ауданы – облыстың ауыл шаруашылығы дамыған әрі дамып келе жатқан аудандарының бірі.
Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы өндірісі құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: егіншілік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығы мамандануы – астық шаруашылығы мен сүтті мал шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері: астық, бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тары, күнбағыс, сондай-ақ ет өндіріледі.
Шарбақты ауданында 341 ауыл шаруашылығы құрылымы бар.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бас саны:
Ірі қара мал (ІҚМ) – 23352 бас, НКИ – 110,0 % (2024 ж. – 21 226 бас); жылқы – 11919 бас, НКИ – 115,7 % (2024 ж. – 10 303 бас); қой – 29998 бас, 151,7 % (2024 ж. – 19 779 бас); ешкі – 1367 бас, 95,7 % (2024 ж. – 1 428 бас); құс – 163717 бас, НКИ – 87,9 % (2024 ж. – 186 327 бас); шошқа – 728 бас, НКИ – 54,1 % (2024 ж. – 1 346 бас).
Тірі салмақта өндірілген ет көлемі – 4211,1 тонна, НКИ – 63,3 % (2024 ж. – 6652,8 тонна); сүт – 19404,7 тонна, НКИ – 99,5 % (2024 ж. – 19495,6 тонна); жұмыртқа – 27372,0 мың дана, НКИ – 88,9 % (2024 ж. – 30797 мың дана).
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6680,9 млн. теңгені құрады (НКИ – 106,3 %), оның ішінде өңдеуші өнеркәсібінде – 6266,7 млн. теңге (НКИ – 106,6 %).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 19593,9 млн. теңгені құрады (НКИ – 140,5 %).
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны – 1 008 бірлік (ЖК – 575, ШҚ – 329, ЖШС – 102). Олардың ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 952 бірлік (ЖК – 545, ШҚ – 312, ЖШС – 93). Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,4 %.
Қаңтар-қазан айлары аралығында бөлшек тауар айналымының көлемі 11263,2 млн. теңгені құрады (НКИ – 105,0 %), көтерме тауар айналымы – 9898,6 млн. теңге (НКИ – 100,0 %).
2025 жылы бөлшек және көтерме тауар айналымының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы «Абай» ЖШС, «SMARTYCOM» ЖШС, «Шарбақты Отын» ЖШС, «БиП» ЖШС, «Тағам өнімдері» ӘКК, «VERITAS И К» ЖШС, «ЖАЛЫН» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Qazaq Oil» ЖШС, «Низкоцен» ЖШС, «Тагам» ӘКК, «Гелиос» ЖШС кәсіпорындарының есебінен қамтамасыз етілуде.
2025 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 28737,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2 % құрады.
Бұл көрсеткіш ет өндірісі көлемінің өсуі («Победа» ЖШС, «Абай» ЖШС), ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жем («Победа» ЖШС, «Кус» ЖШС), сондай-ақ жаңа су тұтынушыларын сумен жабдықтау желісіне қосу есебінен қол жеткізілді.
Аудан аумағында екі ірі туристік дестинация жұмыс істейді: Маралды көліндегі демалыс аймағы және «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шалдай қарағайлы орманы.
Ішкі туристер санының артуы әртүрлі мәдени, спорттық, имидждік іс-шараларды өткізу, сондай-ақ аудан аумағында жаңа спорт нысандарын (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, стадиондар, шағын футбол алаңдары) пайдалануға беру есебінен қамтамасыз етіледі.
Павлодар облысының Шарбақты ауданында көптеген көлдер бар, соның ішінде әйгілі Маралды көлі де бар. Маралды көлі емдік әсері бар минералды балшық пен тұзды суымен танымал.
Сонымен қатар, аудан аумағында басқа да су айдындары бар, олардың кейбіреулері балық шаруашылығы мақсатында пайдаланылады.
Арбаиген ауылындағы Ғабдулуахит Хазрет кесенесі діни зиярат орны болып табылады.
Аудан тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, қолайлы өмір сүру ортасын, оның ішінде абаттандырылған инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2023–2025 жылдар аралығында барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 20 961 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 3 жыл ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 51,9 %-ға артып, (5317 шаршы метрден 10226 шаршы метрге дейін ұлғайды).
2023–2025 жылдар аралығында аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 1,8 есеге өсті (3 341,2 млн. теңгеден 6 143,9 млн. теңгеге дейін).
Шарбақты ауданы бойынша елдімекенішілік және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 672,3 км, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 65 км (9,6 %), облыстық маңызы бар – 92 км (13,6 %), аудандық маңызы бар – 269,2 км (40,04 %), елдімекенішілік жолдар – 246,1 км (36,6 %).
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 269,2 км, оның ішінде қатты жабындысы бар жолдар: асфальт-бетонды – 172,0 км (63,9 %), қара шақпақтасты – 43,9 км (16,3 %), шақпақтасты – 41,7 км (15,5 %), топырақты жолдар – 11,6 км (4,3 %).
Ағымдағы жылы Шарбақты, Малиновка, Сахновка, Красиловка, Шалдай, Есілбай ауылдарында елдімекенішілік жолдарды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары, жалпы ұзындығы 13,138 км көлемінде жүргізілді. 2026 жылы ұзындығы 3,25 км Назаровка ауылына кіреберіс жолды күрделі жөндеу және ұзындығы 11,83 км Шарбақты, Маралды, Красиловка, Есілбай және Сынтас ауылдарының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу бойынша 8 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау желілері және қазықты құдықтардан тұрмыстық және ауыз су қажеттіліктеріне арналған суды тұтынушылар халық пен кәсіпорындар болып табылады.
Шарбақты ауданындағы сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 273,4 км құрайды.
Қазіргі уақытта ауданның 27 ауылдық елді мекенінен 18 ауылдық елді мекен тұрғындары, яғни 17,5 мың адам (ауданның жалпы ауыл халқының 97,2 %) орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланады (Шарбақты, Сынтас, Малиновка, Александровка, Жаңа-ауыл, Алексеевка, Құркамыс, Шегірен, Сахновка, Орловка, Красиловка, Шалдай, Есілбай, Сосновка, Жылы-Бұлак, Хмельницкое, Маралды, Галкино).
Ауылдық елді мекендерді жоғары сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету 67% құрайды, электрмен жабдықталуы - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 1,9 км. Шарбақты ауданының аумағында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ететін 18 орталықтандырылған сумен жабдықтау нысаны бар.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 9 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды.
Ауданның жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 1,9 км. жалпы алғанда, аудан бойынша жылу желісінің тозуы 87% құрайды.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында аудан қазандықтарындағы 13 қазандық ауыстырылды. Бюджет ұйымдары үшін қатты отынға қажеттілік – 19 144 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта көмір жеткізу кестесіне сәйкес жеткізілуде. Жылу және сумен жабдықтау желілері мен жүйелерінің тозуы, негізгі өндірістік қорлардың тез ескіруі, сондай-ақ жаңа жылу және су жүйелерін салуға мемлекеттік және жекеменшік инвестициялардың жеткіліксіздігі коммуналдық шаруашылық саласындағы елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
Аудан еңбекке жарамды халықтың оң динамикасымен және оның өсуіне белгілі бір резервтерімен салыстырмалы түрде жоғары еңбек әлеуетімен ерекшеленеді.
Ауданның жұмыс күшінің саны 10328 адамды құрайды. 2023–2025 жылдары аралығында есепте тұрған жұмыссыздар саны 455-тен 533 адамға өсті.
2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасына енгізілген тұжырымдамаларды жүзеге асыру мақсатында 8 жоба іске асырылып, 103 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 89 уақытша және 14 тұрақты жұмыс орны).
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт тұжырымдамасы аясында 20 жұмыс орны құрылды (6 уақытша және 14 тұрақты).
Мектепке дейінгі, орта және техникалық кәсіби білім беру тұжырымдамасы аясында 10 жұмыс орны құрылды (10 уақытша).
2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында («Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша) 3 уақытша жұмыс орны құрылды.
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы аясында 70 уақытша жұмыс орны құрылды.
Денсаулық сақтау желісі бір орталық аудандық ауруханадан, 5 дәрігерлік амбулаториядан және 19 медициналық пункттен тұрады. «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арбиген және Сахновка ауылдарында медициналық пункттер салынды.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша туберкулез ауыруының көрсеткіші төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 46,4, 2024 жылы - 48), ал қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 101,3%-ға өсті (100 000 мың тұрғынға шаққанда 1258,2, 2024 жылы - 1241,9).
Онкологиялық аурулар көрсеткіші 78,7%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 242,8, 2024 жылы - 308,3).
Аудандық аурухананың штаттық құрамы 33 дәрігер және 105 орта медициналық қызметкермен толықтырылған.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 13,7 құрады, 2024 жылы - 20,4. 137 бала дүниеге келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 67 балаға немесе 67,1%-ға төмендеді.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға – 14,6, абсолюттік саны – 146, (2024 жылы - 20,2-202). Абсолюттік көрсеткіш бойынша 56 жағдайға азаю тіркелді. 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы табиғи өсім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда – -0,9 құрады, 2024 жылы – 0,2.
2025 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша ауданға қажет мамандар: 1 онколог дәрігер, 1 ультрадыбыстық диагностика дәрігері, 15 орта медициналық қызметкер.
Клуб мекемелерінің мемлекеттік желісі – 18:
Оның ішінде: АМҮ-1, ауылдық мәдениет үйлері - 14 (Александровка, Алексеевка, Арбаиген, Богодаровка, Галкино, Жаңа-ауыл, Қарабидай, Красиловка, Орловка, Сосновка, Сынтас, Хмельницкое, Шегірен, Шалдай), СК-3 (Есілбай, Жылы-бұлақ, Малиновка).
Мемлекеттік кітапханалар желісі – 19: Орталық аудандық кітапхана – 1, Ауылдық кітапханалар – 18: (Алексеевка, Богодаровка, Жылы-бұлақ, Есілбай, Красиловка, Александровка, Сосновка, Орловка, Жаңа-ауыл, Галкино, Арбаиген, Сынтас, Назаровка, Шегірен, Малиновка, Қарабидай ауылдық кітапханалары). Орталық аудандық кітапхана жанында балалар әдебиеті бөлімі (БӘБ) жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының мәдениет мекемелерінде штат бойынша барлығы 159,5 бірлік жұмыс істейді, оның 122-сі клуб мекемелерінде, ал 37,5 бірлік кітапхана жүйесінде.
Мәдениет мекемелерінде нақты 183 адам жұмыс істейді, оның ішінде клуб мекемелерінде 136 адам, ал кітапхана жүйесінде 47 адам.
Олардың ішінде штаттық шығармашылық қызметкерлер 66,5 бірлік, клуб мекемелерінде 39,75 бірлік және кітапханада 26,75 бірлік, нақты мәдениет мекемелерінде барлығы 78 адам шығармашылық қызметкерлер болып жұмыс істейді, оның ішінде клуб мекемелерінде 45 адам, кітапхана жүйесінде 33 адам.
Мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне оң әсерін тигізуде. Материалдық-техникалық базаны жаңарту арқылы үйірме жұмыстарының желісін кеңейтуге мүмкіндік туады.
Ауданның спорт инфрақұрылымы кеңейіп келеді, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар санын арттырады.
Білім беру саласында ауданда 24 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 15 орта мектеп, 7 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектеп, 1 балабақша, 22 жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталық, 2 қосымша білім беру ұйымы: балалар музыкалық мектебі және «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту - 95,7%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 99,9%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100% құрайды.
Аудан бойынша 0-6 жас аралығындағы балалардың жалпы саны - 820, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 635.
Оқушылар контингенті - 2 739 оқушы. 6 мектепте (25,9%) оқыту қазақ тілінде, 6 мектепте (25%) - қазақ және орыс тілдерінде, 12 мектепте (50%) - орыс тілінде жүргізіледі.
22 мектепте 104 оқушы үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жағдай жасалған.
Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтамасыз етілген, олардың жалпы саны - 1493 бірлік, оқу процесінде - 1 467 бірлік, бір компьютерге 2 оқушыдан келеді.
Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше назар қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстарды алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне аударылады.
7 ауылдық округте алты учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, олардың 6 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген.
13 қоғамдық құрылым, оның ішінде 31 қоғамдық полиция көмекшісі қызмет етеді.
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында 70 қылмыс тіркелді (2024 жылы - 67), оның 4 көшеде жасалған (2024 жылы - 6).
2025 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғасы бойынша 17 жағдай тіркелді, қаза тапқандар - 2, жарақат алағаны - 33 (2024 жылы - 15 жол-көлік оқиғасы, қаза тапқандар - 2, жарақат алағаны - 24).
Төтенше жағдайлар органдарымен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізіледі (жоспарлы тексерулер, ақпараттандыру, БАҚ арқылы жұмыс және т.б.), сондай-ақ дайындық деңгейін арттыруға және ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті жетілдіруге мақсатында жыл сайынғы командалық-штабтық, тактикалық-арнайы және басқа да жаттығулар өткізіледі.
Талдау көрсеткендей, өрттердің негізгі себебі адами факторлардан туындайды.
Географиялық орналасуына байланысты ауданға су тасқыны, сел және көшкін қаупі төніп тұрған жоқ.
Күшті жақтары:
Гидротехникалық құрылыстардың болмауы, су тасқыны, сел және көшкін қаупінің жоқтығы.
«Ертіс Орманы» МОТР РММ орман-өрт сөндіру станцияларының болуы және жабдықталуы.
Ауылдық округтер бөлінісінде ерікті өртке қарсы құрылымдарының құрылуы.
Әлсіз жақтары:
Орманды алқаптарға іргелес кең далалы аумақтар.
Ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы сөндіру құрылымдарының (өртке қарсы сыйымдылық) материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі, арнайы және бейімделген техниканың жоқтығы.
Қауіптер: Орман және дала өрттерінің туындауы.
Мүмкіндіктер: Өртке қарсы бекеттерді құру.
Мәселелер: Ауылдық округтердің ерікті өртке қарсы құрылымдарының материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі.
Ауданда орналасқан 27 ауылдық елді мекеннің 25 ауылында ұялы байланыс пен мобильді интернет желісі бар. 2 ауылда (Сахновка және Чушкалы) ұялы байланыс жоқ.
Ағымдағы 2025 жылы Сынтас ауылында Beeline операторы жабдықтарын орнатумен антенна діңгегі құрылысы жобасы іске асырылды. Жобаның құны 18 854 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2025 жылдың қазан айында Чушкалы ауылында тұрғындар үшін қоғамдық интернет жабдықтары орнатылды.
Шарбақты ауданы аймақ экономикасының тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауда.
|
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
||||
|
2026 |
2027 |
2028 |
2029 |
2030 |
|||
|
|
Ұлттық даму жоспарын іске асыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
2-бағыт: Өсудің жаңа нүктелері |
|
|
|
|
|
|
|
|
НҰИ 26 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны |
10,4 |
10,8 |
11 |
11 |
||
|
|
Шарбақты ауданы |
адам |
1825 |
2104 |
2104 |
2510 |
2732 |
|
|
НҰИ 27 Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны |
2,8 |
3 |
3,5 |
4 |
4 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
адам |
90 |
90 |
100 |
101 |
106 |
|
|
3-бағыт: Өмір сүрудің жоғары сапасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
НИ Жұмыссыздық деңгейі |
4,9 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
4,8 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
4,2 |
4,1 |
4,1 |
4,1 |
4,1 |
|
|
1.1. Нәтиже көрсеткіші Жұмысқа орналастырылған азаматтар саны |
13456 |
13456 |
13456 |
13456 |
13456 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
соның ішінде адам |
700 |
700 |
700 |
700 |
700 |
|
|
Соның ішінде жастар |
9111 |
11634 |
11774 |
11774 |
11774 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
соның ішінде адам |
230 |
230 |
230 |
244 |
244 |
|
|
Іс-шаралар: Субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру |
|
3960 |
3960 |
3960 |
4160 |
4160 |
|
|
Шарбақты ауданы |
соның ішінде адам |
230 |
230 |
230 |
244 |
244 |
|
|
Мақсат. Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімі мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
НИ 1. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту |
98,8 |
99 |
100 |
100 |
100 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
99,8 |
99,8 |
100 |
100 |
100 |
|
|
1.3.Нәтиже көрсеткіші Балалардың мектепке дейінгі дайындық деңгейі |
93 |
93,7 |
96 |
96,3 |
94,4 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
94,1 |
94,2 |
94,3 |
94,4 |
94,5 |
|
|
НИ 2. Меншік нысанына қарамастан, білім беру мен оқыту сапасын бағалау критерийлеріне сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
1.4.Нәтиже көрсеткіші Жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған мектептердің үлесі |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
НҰИ 13 |
67,6 |
68,7 |
69,8 |
71 |
71 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
65,9 |
66,0 |
66,2 |
66,2 |
66,3 |
|
|
МӘДЕНИЕТ |
|
|
|
|
|
|
|
|
3.1. Нәтиже көрсеткші |
513 |
513 |
513 |
513 |
513 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
саны |
39 |
39 |
39 |
39 |
39 |
|
|
СПОРТ |
|
|
|
|
|
|
|
|
4.1. Нәтиже көрсеткіші |
% |
43,0 |
45,0 |
47,5 |
49,5 |
49,5 |
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
43,9 |
45,9 |
47,9 |
49,5 |
52 |
|
|
ХАЛЫҚТЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ |
|
|
|
|
|
|
|
|
6.1. Нәтиже көрсеткіші |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
6.3. Нәтиже көрсеткіші |
499,5 |
506,5 |
513,6 |
520,6 |
520,6 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
м2 |
5,7 |
5,8 |
5,9 |
6 |
6,1 |
|
|
Ақпараттық коммуникация |
|
|
|
|
|
|
|
|
8.1. Нәтиже көрсеткіші Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету |
|
98,0 |
98,2 |
98,5 |
98,8 |
100 |
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
|
НИ |
1413,3 |
1734,7 |
2289 |
3000 |
3485,1 |
|
|
|
Шарбақты ауданы |
млрд. |
22,9 |
28,2 |
37,2 |
48,7 |
56,5 |
|
|
НИ |
млрд. |
325,1 |
433,7 |
618 |
900 |
909 |
|
|
Шарбақты ауданы |
млрд. |
0,4 |
0,5 |
0,8 |
1,1 |
1,1 |
|
|
ЦИ Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және жою үлесі |
% |
41 |
42 |
43 |
44 |
45 |
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
3,6 |
3,6 |
3,7 |
3,85 |
3,9 |
|
|
5-бағыт: Басқа жоспарлау құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсетуді іске асыру |
||||||
|
|
3-мақсат: Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
ЦИ Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі ,Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары |
% |
97 |
97,5 |
98 |
98,5 |
98,9 |
|
|
Шарбақты ауданы |
% |
96,8 |
97,5 |
97,9 |
99 |
99 |