1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік қызметтерді 14 мемлекеттік мекеме көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 37 түрін көрсетті, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 3 түрі ақылы негізде ұсынылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3106, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы - 85;
- электрондық түрде барлығы - 2761 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей және тікелей байланыссыз);
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 260.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2025 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендтер жабдықталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz). Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзекті қағидаларына сілтеме бар.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
2025 жылы 425 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша, ауданда мемлекеттік қызметтер көрсетудің проблемалық мәселелерін талқылау және есептік нысандарын толтыру бойынша семинар -кеңестер - 3, мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы тікелей эфирлер -54, акция «Қызметті өзің ал! Үйден шықпай», «Жылдам, оңай және кезексіз!» - 6, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі -6, дөңгелек үстел, халықпен кездесу, көшпелі кездесулер -156, ашық есік күні -10, электрондық үкімет порталын пайдалану бойынша оқыту -1, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша интернет- конференциялар -1 өткізілді. Ауданның көрсетілетін қызметті берушілерімен электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы 4125 брошюра таратылды. Әлеуметтік желілерде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы не eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы 112 мақала жарияланды, аудандық «Sharbqty» газетінде 1 мақала жарияланды.
Сондай - ақ, «Open Sharbaqty» фронт-офисінің модераторлары азаматтарды «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға оқытуды тұрақты негізде жүргізді. 2025 жылы жер қатынастары, ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік қызметтерді алу, алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу, түрлі анықтамалар алу және т. б. бойынша 1186 оқыту өткізілді.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді. Аталған отырыстарда мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын арттыру бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің жұмысы туралы 10 сұрақ қаралды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік мекемелердің мамандары және ауданның ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі үшін аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдық округтер аппараттарының барлық ғимараттарында, бөлімдерде, мектептерде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған.
2025 жылы жергілікті атқарушы органдардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 1789-дан астам мемлекеттік қызмет алынды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академия филиалында мамандар оқытудан өтеді.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсететін 3 маман «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Бұдан басқа, бөлімдер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар тиісті заңдарды, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жіберілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Шарбақты ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау жөніндегі бас маманына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау және мониторингілеу жөніндегі функциялар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес ішкі бақылау қызметтері жүргізетін бақылау іс-шараларының мақсаты бақылау объектілерінің бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу болып табылады.
Шарбақты ауданы әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2025 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Шарбақты ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау жөніндегі маманы 5 бақылау іс-шарасын өткізді.
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын бұзудың 138 фактісі анықталды, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері- 5;
- құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері- 12;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері - 82;
- есепті мәлеметтердің алшақтық фактілері – 39.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 161 ұсыныс берілді.
Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға ескерту – 1 түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызметтерді уақылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- көрсетілетін қызметті берушілердің барлық ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхем, шақыру түймелері, белгілер және т. б.) алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау;
- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу.