«2026 жылға арналған Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.

Осы Шешімді қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

         Шешім Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы                         8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығы негізінде әзірленді.

         Шешім ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртібін анықтайды.

         Осылайша, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру кезінде жергілікті мемлекеттік органдар осы шешімді басшылыққа алуы тиіс.

         «2025 жылға арналған Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешім жобасы 2025 жылғы 10 желтоқсанда   Ашық НҚА  порталында орналастырылды.

Дата публикации
18 декабря 2025