Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.