«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру.
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
E-3 |
263 131 |
302 255 |
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21335, факс 8(71836) 21172, e-mail: uprpers.ashr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Шарбақты ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Шарбақты ауданының ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ ұжымды басқару қызметінің басшысы, санаты E-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін үйлестіру және басшылық ету, кадрлық іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; персоналды басқару қызметінің қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу; мемлекеттік органның кадр мониторингі, кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби бейімделуі мен тәлімгерлігін ұйымдастыру болып табылады; Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуді бақылау болып табылады; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады; мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады; мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады; ауданның мемлекеттік қызметшілерінің жеке істерін жүргізуді бақылау, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу; мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; кадр резервін қалыптастыру; наградтау және мемлекеттік наградаларға ұсыну жөніндегі материалдарды дайындау; әскери есеп және кадрларды броньдауды жүргізу; тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссиясының құрамында құпиялылық режимін және құпия іс жүргізуді қамтамасыз ету мәселелерін қарау; өз құзыреті шегінде аудан әкімі, аудан әкімі аппаратының басшысы жүктеген басқа да функцияларды орындау.
«Б» функционалды блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе кеден ісі және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе бағалау және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); ақпараттықкоммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және/немесе педагогика және психология және/немесе тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлықғылымдар және/немесе тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар)
Cертификаттың бар болуы: Cертификаттың бар болуы: Персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.