«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру.

 

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:       

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

E-R-1

354069

406714

 

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21335, факс 8(71836) 21172, e-mail: uprpers.ashr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Шарбақты ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Шарбақты ауданының ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

«Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-R-1, 1 бірлік.

 

          Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастыру; ауданның сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; сәулет және қала құрылысы жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асыру және өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың іске асырылу барысын бақылау; аудандық атқарушы және өкілетті органдардың қарауына ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы әкімдік пен аудан әкімінің актілері жобаларының орындалуын қамтамасыз етеді және олардың іске асырылу барысын бақылайды; сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу әдістерінің жүйесін әзірлеу, нарықтық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу, әлеуметтік әріптестікті дамыту; ауданның елді мекендерін жоспарлау және құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; сәулет және қала құрылысы жобалау құжаттамасының сапасын, қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінің сақталуын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; қала құрылысы объектілерін іске асыруға қатысу, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақтарды инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау туралы шешімге қатысу; аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет-құрылыс қызметі және елді мекендерді абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтарды қарау және әкімшілік жазалар қолдану; заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді; жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; ауданның аумағында тұрғын үй құрылысы, білім беру, спорт, мәдениет, абаттандыру, ауыл шаруашылығы, инженерлік-коммуникациялық желілер, коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау жүйелері сала-сындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда бөлімнің тиімді жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік тапсырысты орындауға қызмет көрсе-тушілермен келісім-шарт жасауды қамтамасыз етеді; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуді үйлестіру және оларды жүргізу; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асыру; ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар ав-тотасымалдау және автомобиль жолдары, пошта және радио байланыс, те-лекоммуникация, энергетикалық кешен саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру; ауданның шегінде тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және өзге де елді мекендерді, пошта және радио байланысын, телекоммуникацияларды, энергетикалық кешенді дамытудың аудандық бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асыру және олардың іске асырылу барысын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

«А» функционалды блогы.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қызметтер (көлік қызметтері); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (- Ғимараттар құрылысы және пайдалануы және/немесе автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану); өнер және гуманитарлық ғылымдар (сурет өнері және/немесе мүсін өнері және/немесе дизайн); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе сәулет және/немесе құрылыс және/немесе жылу энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе кадастр және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе геодезия және картография және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе құрылыс бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе гидротехникалық құрылыс).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Дата публикации
07 ноября 2025