Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру.

 

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:       

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

E-R-1

354069

406714

 

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21335, факс 8(71836) 21172, e-mail: uprpers.ashr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Шарбақты ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Шарбақты ауданының ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, санаты E-R-1, 1 бірлік.

 

          Функционалдық міндеттері: Арнайы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және бақылауды іске асыру; бөлімді жалпы басқаруды жүзеге асыру;  атқарушы және өкілетті органдарымен бірге өзара әрекет етуді ұйымдастыру;  аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуы үшін жеке жауап береді; өзінің құзыреті аясында келесі мәселелер бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету: - ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету; -еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыру; -қоғамдық жұмысты ұсыну, олардың экономикалық мақсатқа сәйкестігін және әлеуметтік маңызын қамтамасыз ету; - ішкі еңбек нарығын, белгіленген еңбек нарығының мониторингі; - мүгедектерді үйде оқыту, мүгедектіктің алдын алу және қоғамда мүгедектерді ықпалдастыру үшін қолайлы жағдай туғызу; - жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке тобына әлеуметтік көмек көрстеу; - Семей ядерлық полигонында ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау; - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге көмек көрсету; бюджет бағдарламаларының әкімшісі ретінде аудан мәслихатына бекітуге, аудан әкімдігіне жұмыспен қамут және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан бағдарламаларды әзірлеу және ұсыну;  жергілікті бюджетті бекіткен (анықтаған) кезде аудандық мәслихаттың сессиясына қатысу; жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет ету;  кәсіпорындар, мекемелер, меншік құрылымына қарамастан ұйымдардан бөлім басшысының құзыретіне қатысты қажетті ақпарат, құжаттар, материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді алу және сұратып алу;  бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, әкімшілік ресімдерді сақтау;  азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз шағымдарын қарау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау үшін шара қолдану;  өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшысына немесе құқық қорғау органдарына, оған белгілі болған сыбайлас құқық бұзушылық оқиға туралы дереу хабарлауға міндетті.

       «А» функционалды блогы.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қызметтер (әлеуметтік жұмыс); бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе экономика және менеджмент және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе мемлекеттік басқару және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау); бизнес, басқару және құқық (юрист); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және/немесе педагогика және психология және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (психология және/немесе әлеуметтану және/немесе қоғамдық байланыс).

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Дата публикации
21 октября 2025