Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
E-R-3 |
263 131 |
302 255 |
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21335, факс 8(71836) 21172, e-mail: uprpers.ashr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Шарбақты ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Шарбақты ауданының ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, санаты E-R-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары cекторының жұмысына бақылауды жүзеге асырады; ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін алдағы қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстарды, яғни жылыту жүйелерін жөндеу көлемін, қатты отынға қажеттілікті, ауданның бюджеттік ұйымдары үшін көмірді уақытында жеткізуді бақылауды жүзеге асырады және жүргізеді; ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлықтар мен сенбіліктерді ұйымдастыру және жоспарланған жұмыстардың орындалуын бақылау, қоқыс тастайтын жерлерді күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін күтіп ұстауға бақылауды жүзегеасырады; ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылауды жүзеге асырады; ауданның елді мекендерін сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және радиотелефон байланысымен қамтамасыз ету, ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй беру жөніндегі аудандық тұрғын үй комиссиясына қатысады; тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады; тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезеке қою» мемлекеттік қызметін көрсетеді; «Шарбақты ауданындағы жасыл желектерді кесуге (қайта отырғызуға) рұқсат беру» рұқсат беру құжаттарын беруді бақылауды жүзегеасырады: тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың өткізілуіне бақылау жүргізеді; жолаушылар тасымалы жөніндегі комиссияны басқарады, ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға бақылау жүргізеді; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласында жаңғырту және энергия үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады; әлеуметтік-экономикалық аудан шеңберінде инфрақұрылымның дамуын болжайды; сектордың Қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне жауапты;өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; көшелерді жарықтандыру, байланыс, Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу, су құбыры-кәріз, газ, жылу және электр желілерін дамытудың жылдық перспективалы жоспарларын әзірлеуге қатысады; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды; азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар шеңберіндегі жұмысты ұйымдастырады; аудан әкімдігінің отырысына елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, жолдарды жөндеу, жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша материалдар дайындайды; жоғарыда көрсетілген салаларда кәсіпорындарға, ұйымдарға, ауылдық округ әкімдеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды
«Б» функционалды блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: қызметтер (көлік қызметтері және/немесе гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (- Жылутехникалық қондырғы және жылуды қамтитын жүйелер (барлық түрлер бойынша) және/немесе электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе жылу энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе инженерлік жүйелер мен желілер және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе ғимараттарды мен құрылыстарды жобалау).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.