1-параграф. Ұсақ бөлшек сауда объектілеріне қойылатын талаптар
- Ұсақ бөлшек сауда объектілерін орналастыру осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
- Ұсақ бөлшек сауда объектілерінде тамақ өнімдерінің бір күндік қорын уақытша сақтауға арналған орын анықталады. Объектінің іргелес аумағында қаптаманы (ыдысты) сақтауға жол берілмейді.
- Ұсақ бөлшек сауда объектісінде тамақ өнімдерін:
1) қапталған, өлшеп-оралған тамақ өнімдерін;
2) тоңазатқыш жабдығы болған жағдайда тез бұзылатын тамақ өнімдерін;
3) ыстық дайын аспаздық бұйымдарды изотермиялық немесе жылытылатын сыйымдылықтан өткізу жүргізіледі.
- Жеміс-көкөніс өнімдерін, бақша дақылдарын объектілерден тыс сауда жабдықтарын, мүкәммалды, тамақ өнімдерімен жанасатын қаптаманы пайдалана отырып өткізуге жол беріледі.
- Ұсақ бөлшек сауданың стационарлық емес объектілерінде сусындарды құйып сату тамақ өнімдерімен жанасуға арналған бір рет қолданылатын ыдысты пайдаланған жағдайда, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттама, оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (Одақтың сәйкестік туралы декларациясы) (бұдан әрі – бір рет қолданылатын ыдыс) болған кезде жүргізіледі.
- Ұсақ бөлшек саудасы үшін тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға (әзірлеуге) және өткізуге арналған автоматтарды (бұдан әрі – автомат) пайдалануға жол беріледі:
1) қосымша қайта өңдеуді (өңдеуді) талап етпейтін, дайындаушының зауыттық қаптамасындағы қолдануға дайын әртүрлі тағамдық компоненттер және (немесе) олардың қоспалары пайдаланылатын ыстық сусындар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, жұмсақ балмұздақ және тамақ өнімдері;
2) оларды дайындау үшін құрылғылармен (сатураторлар, араластырғыштар, тоңазытқыш жабдығы, қыздыру элементтері) жарақталған автоматты беру құрылғысында тікелей компоненттерден даярланатын, тез дайындалатын (жартылай фабрикаттар) тамақ өнімдері (ыстық сусындар, газдалған су, бірінші және екінші ыстық тағамдар, жұмсақ балмұздақ, қант мақтасы, поп-корн, чипсілер);
3) данамен қапталған, өлшеп-оралған, тұтынуға дайын тамақ өнімдері (оның ішінде салқындатылған сусындар, тез бұзылатын және мұздатылған тамақ өнімдері).
- Автоматтар үшін тез дайындалатын жартылай фабрикаттарды өндіру (дайындау) нормалау құжаттарына сәйкес келетін қоғамдық тамақтану объектілерінде, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілерінде жүзеге асырылады.
Тез дайындалатын жартылай фабрикаттарды сақтау және автоматтарға тасымалдау тамақ өнімдерін тасу (тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайлары нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Автомат арқылы тамақ өнімдерін сақтау, дайындау және өткізу осындай өнімді дайындаушының техникалық құжаттамасына (технологиялық нұсқаулық, рецептура) сәйкес, жуу және дезифекциялау автомат дайындаушысы белгілеген пайдалану, жуу және дезинфекциялау қағидалары бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
- Тамақ өнімдерін дайындау (әзірлеу) және өткізу үшін Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – 010/2011 КО ТР) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, олардың қауіпсіздігінрастайтын, сәйкестіктібағалау (растау) туралы құжаттары бар (сертификаттары, Одақтың сәйкестік туралы декларациясы), тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын, конструктивтік және пайдалану сипаттамалары 021/2011 КО ТР қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ететін автоматтар пайдаланылады. Автоматтарда тиісті бақылау аспаптары, бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады.
- Автоматтарда жұмсақ балмұздақты дайындау кезінде дайындаушының техникалық құжаттамасына (технологиялық нұсқаулық, рецептура) сәйкес:
1) құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған, қалпына келтірілген қоспаларды пайдаланады, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдаланылады;
2) шикі, пастерленбеген сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді;
3) қалпына келтірілген қоспаны дайындау өткізілуіне қарай жүргізіледі;
4) тек оларды дайындаған орындарда ғана өткізуге жол беріледі.
- Автоматтар үшін пайдалануға дайын тағамдық компоненттерді сақтау осындай тамақ өнімдерін дайындаушы белгілеген сақтау жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Ұсақ бөлшек сауда объектісінің жылжымалы, тасымалданатын сауда жабдығы жұмыс күні аяқталған соң негізгі объектіде (тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі, қоғамдық тамақтану обьектісі, сауда объектісі) жуылады және дезинфекцияланады.
- Объекті тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу жағдайлары, жұмыскерлердің жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдайлар қамтамасыз етілген жағдайда орналастырылады және техникалық жарақталады.
Ұсақ бөлшек сауда объектісінің сатушысы:
1) объектіні, іргелес аумақты таза ұстайды;
2) тамақ өнімінің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы тауарға таңбалау, ілеспе құжаттар болған кезде оны қабылдау және өткізуді жүзеге асырады;
3) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді;
4) тамақ өнімдерінің босату талаптарын сақтайды, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдаланады;
5) тамақ өнімдерін ластанудан қорғайды;
6) таза арнайы киімді киеді;
7) жеке гигиена қағидаларын сақтайды;
8)өзімен бірге "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21652 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша жеке медициналық кітапшасының болуын қамтамасыз етеді.