2025 жылғы 28 қыркүйекке тағайындалған Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

Шарбақты аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 20 тамыздағы № 27 қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 28 қыркүйекке тағайындалған Павлодар облысы

Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімін сайлауды

дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

2025 жылғы 20 тамыз

 (113-1-б.1-т. 2) т.т., 3-т.)

2. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары мен Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 30 тамыздан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

3. Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылғы 30 тамыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей.

2025 жылғы 4 қыркүйектен кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Шарбақты ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Шарбақты ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде.

2025 жылдың 4 қыркүйектен кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылдың 21тамызында басталады және 2025 жылдың 2 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1, 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 (113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т.т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардың қол қою парақтары Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т, 9-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылдың 1 тамызына)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады

2025 жылдың 21 тамызында басталады және 2025 жылдың 7 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Шарбақты аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 7 қыркүйегінде  жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылдың 27 қыркүйегінде жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Шарбақты ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылдың 8 қыркүйегіне  дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылдың 13 қыркүйегінен бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылдың 18 қыркүйегіне дейін

(18-б. 5) т.т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025 жылдың 25 қыркүйегінен ерте емес  және 2025 жылдың 27 қыркүйегінен кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылдың 28 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т.т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшін арнайы белгіленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей

(113-10-б. 1 т.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылдың 4 қазанынан кешіктірмей

                                                             (44-б. 4-т., 3) т.т.

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылдың 4 қазанынан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
20 августа 2025