2025 жылғы 29 маусымда өткен Шалдай ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 29 маусымда Шалдай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1257 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 699 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 40 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 2.
Шалдай ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Баисов Жанат Бисембаевич үшін сайлаушылардың 252 дауысы берілді;
Қайкен Ерғанат Аязбиұлы үшін сайлаушылардың 378 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 62.
Сайлау қорытындысы бойынша Шалдай ауылдық округі әкімі болып сайланды:
Қайкен Ерғанат Аязбиұлы, 1991 жылы туған, «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Павлодар қаласының тұрғыны.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы