Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

  1. Нормативтік-құқықтық база

Талдаумен мынадай нормативтік құқықтық актілер қамтылды: «ҚР Жер кодексі», «Мемлекеттік қызметі туралы», «ҚР Бюджет кодексі», «ҚР Салық кодексі», «ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңы», «Еңбек кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», «ҚР жекешелендіру объектісін сату қағидалары», «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Мемлекеттік сатып алуды біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын», ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығымен бекітілген, Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидалары.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме

Шарбақты ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 27-ө өкімі.

 

  1. Есепті кезең

Талдау 2024 жылдың 30 мамырынан 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін жүргізілді.

 

  1. 13 мемлекеттік орган және 1 квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтылды:

 

«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Шарбақты ауданының саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Шарбақты ауданы әкімдігінің «Қайнар» КМК, Шарбақты ауданының ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары-7.

  1. СЖТІТ келесі міндеттер бойынша талдау жүргізді:

Мемлекеттік органның қызметіне қатысты қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          

         1) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ

         Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінде «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін жыл сайынғы мемлекеттік техникалық  қарап-тексеру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 жылғы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларының  16-тармағына сәйкес, техникалық байқауды жүргізу кезінде агрегаттар мен механизмдер диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып, бөлшектемей тексеріледі. Тіркемелердің техникалық жай-күйі трактор поезының құрамында тексеріледі (тартқыш-ілінісу құрылғысының жарамдылығын бақылау және тежегіштерді бұғаттау үшін). Алайда бөлімде диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдары жоқ, сатып алуға арналған қаражат көзделмеген. Осы қызметті көрсету кезінде техниканы көзбен шолып тексеру жүргізіледі, бұдан басқа, бөлім маманының арнайы білімі жоқ, бұл өз кезегінде үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.         ..

Ұсыныстар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмау үшін «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін жыл сайынғы мемлекеттік техникалық  қарап-тексеру» мемлекеттік қызметін бәсекелестік ортаға беру туралы дұрыс деп санаймыз.

 

2) «Шарбақты ауданы әкімдігінің «Қайнар» КМК

 

         Жарғысына сәйкес «Қайнар» келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

         - су құбыры желісі мен кәрізді жарамды күйде ұстау бойынша жұмыстарды орындау;

        - сужылумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызмет;

         Кәсіпорын сумен жабдықтау жүйесіне тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды кезектілікке сәйкес қосады.

         Жеке және заңды тұлғаларды кезекке қою журналда өтініш беруші берген өтінішке сәйкес «Қайнар» қызметкерлері еркін нысанда жүзеге асырады.

 

          Ұсыныстар:

      Кезектілік жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ұсынамын:

           - орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылуға кезекке қою мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу.

Дата публикации
17 июня 2025