Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

        

2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Шарбақты ауданы Шалдай округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Шалдай ауылдық округі бойынша барлығы  3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.       

Орташа бәсекелестік – 3 адам.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июня 2025