2025 жылғы 11 мамырда өткен Галкино, Орловка, Сосновка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 11 мамырда Галкино, Орловка, Сосновка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.
Галкино ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 1148 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 671 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Галкино ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша мынадай қорытындылары белгіленді:
Асаинов Марат Дюсетаевич үшін сайлаушылардың 504 дауысы берілді,
Дружинин Владимир Витальевич үшін сайлаушылардың 59 дауысы берілді,
Нукин Канатбек Ерсаинович үшін сайлаушылардың 87 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 20.
Сайлау қорытындысы бойынша Галкино ауылдық округінің әкімі болып сайланды: Асаинов Марат Дюсетаевич,1984 жылы туған, "Шарбақты ауданының Галкино ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, бас маман, Шарбақты ауданы Галкино ауылында тұрады.
Орловка ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 737 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 621 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Орловка ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша мынадай қорытындылары белгіленді:
Айдарбекова Райхан Капаровна үшін сайлаушылардың 54 дауысы берілді,
Галлямова Ирина Владимировна үшін сайлаушылардың 515 дауысы берілді,
Терещенко Екатерина Николаевна үшін сайлаушылардың 42 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.
Сайлау қорытындысы бойынша Орловка ауылдық округінің әкімі болып сайланды: Галлямова Ирина Владимировна, 1977 жылы туған, "Шарбақты ауданының Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, әкім, Шарбақты ауданы Орловка ауылында тұрады.
Сосновка ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 620 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 369 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Сосновка ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша мынадай қорытындылары белгіленді:
Баисов Жанат Бисембаевич үшін сайлаушылардың 36 дауысы берілді,
Кизатов Нурлыбек Сахипович үшін сайлаушылардың 305 дауысы берілді,
Мырзабаев Ерболат Оразбекович үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.
Сайлау қорытындысы бойынша Сосновка ауылдық округінің әкімі болып сайланды: Кизатов Нурлыбек Сахипович, 1963 жылы туған, Павлодар облысы ЖҚҮжӘББ «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Шарбақты ауданының мансап орталығы» филиалының басшысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында тұрады.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы