Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы 2024 жылға арналған есебі

  1. Жалпы ережелер​

         1) Қызмет көрсетуші  туралы ақпарат.

         «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57, байланыс телефондары 8 (71836) 21651.

​          Жер қатынастары бөлімі барлығы 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

​          Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

 ​         Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2024 жылы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024 жылы - 200 мемлекеттік қызмет көрсетті, атап айтсақ қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қарым - қатынасынсыз www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде 194, қағаз жеткізгіште 6 қызмет көрсетілді.

  1. « Жер учаскелерін қалыптастырудың жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 145.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» – 10.
  3. «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелерін алу құқығына иелену» - 24.
  4. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 6.
  5. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бір түрден екіншісіне ауыстыру туралы түпкілікті шешім шығару» - 15.
  6. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік қызмет көрсетушілер Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стендпен жабдықталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде «жер қатынастары» кіші бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзекті қағидаларына сілтеме бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.)

 Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша онлайн-жәрмеңкесі өткізілді.

11.12.2024 және 29.03.2024 жылдары жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және алу тәртібіне қатысты тікелей эфирлер өткізілді.

27.03.2024 және 11.12.2024 жылдары бөлім мамандары ауданның ауылдық округтеріне баруды жүзеге асырды. Халықпен кездесулер барысында Е-лицензиялау порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялар берілді.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында «Электрондық үкімет» порталында 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді алу журналы жүргізіледі.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім мамандары аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.     Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімінің Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандары біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларға жіберілмеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Бөлім жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі талдау жүргізеді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы мәлеметтер (қосымша).

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 2 тармақ бойынша 33 бұзушылық анықталды:

3 көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері;

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамаудың 30 фактісі.

Болашақта мұндай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бөлім басшысы жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Бөлім 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхем, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);

- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің біліктілігін арттыру.

Дата публикации
09 апреля 2025