«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, В.Чайко көшесі, 39, байланыс телефондары: 8 (71836) 21354, 22183.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясы және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 21 маусымдағы «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары» № 227 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2020 жылғы 28 мамырдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 197 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығы.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Бөліммен мемлекеттік қызметтің 877 түрі көрсетілді, оның ішінде:
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылы сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:
-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (217 қызмет көрсетілді);
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу (142 қызмет көрсетілді);
- Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу (129 қызмет көрсетілді);
-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (142 қызмет көрсетілді).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары ілінген стенд орнатылған.
Инстаграм (@jumispenqamtybolimi.sharbaqty) ресми сайтында апта сайын мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы ақпарат жарияланады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.
Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №266/81 шешіміне өзгерістер енгзуі туралы» шешімі 2023 жылғы 4 сәуірде «Ашық НҚА» сайтында жарияланған, сондай-ақ бұл ережелер 2023 жылғы 3 тамызда «Ашық НҚА» жаңа басылымында орналастырылды.
Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» шешімі 2023 жылғы 6 қыркүйекте «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және орналастырылды.
Барлық НҚА бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалық қорытындылар алынды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында Бөлім қызметкерлерімен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен, 2024 жылдың қортындысы бойынша Бөліммен Александровка ауылдық округі (Алексеевка ауылы), Жылыбұлақ ауылдық округі (Хмельницкое ауылы), Шарбақты ауылдық округі (Шарбақты ауылы) тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 3 кездесу өткізілді, мемлекеттік қызметтер алу әдістері туралы 2 тікелей эфир, мемлекеттік қызметтерді алу жөнінде Шарбақты ауылы «АМАНАТ» партиясы филиалы ғимаратының маңында «Мемлекеттік қызметтер-ыңғайлы және оңай» акциясы өтті, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары туралы 2 дөңгелек үстел, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 2 кездесу, 3 бейнеролик жасалды.
Сондай-ақ, ай сайын бөлім қызметкерлерімен тұрғындарға әлеуметтік қорғау саласында қызметтер көрсету туралы ақпараттары бар брошюралар таратылады.
Бөлім ғимаратында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтары бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 38 мемлекеттік қызмет алынды.
2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсететін 1 маман «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бюрократиясыздандыру және арттыру» тақырыбы бойынша 3 күндік біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында проблемалық мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік құқықтық бөлімге жолданады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жаппай құқықтық оқыту жүргізілді.
2024 жылы Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша профилактикалық бақылау жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың алдын алу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерін ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде, әлеуметтік желі парақшаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
- мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосұлба, шақыру түймелері, белгілер және т.б.);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды кеңінен насихаттау және ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу.