Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53, байланыс телефондары: 8(71836)21680, 22662
Жалпы алғанда Экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетіледі, 3 түр тармағына бөлінеді.
Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсету барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары мөлшерін анықтау және ұсыну туралы қағидалары негізінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 55, барлық қызметтер электрондық түрде көрсетілді.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Сұраныстағы мемлекеттік қызмет түрі: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері орналастырылған стенді жабдықталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz), Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат пен мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзекті ережелеріне сілтемесі бар «Экономика» кіші бөлімі бар.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары мөлшерін айқындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығы.
Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері мен тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету және алу мәселелері бойынша бірқатар түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
- халық көп жиналатын жерлерде (аудан орталығы) «Мемлекеттік қызмет көрсету оңайырақ» акциясы өткізілді.
- «Open Sharbaqty» фронт-офис ғимаратында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп Ашық есік күні өткізілді.
- жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерімен, сондай-ақ экономиканың нақты секторы бөлімімен бірлесе отырып, ауданның шалғай ауылдарында (Жаңа-ауыл ауылы, Александровка ауылы) мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету және ұсыну туралы инстагарм платформасы арқылы тікелей эфирлер өткізілді.
- ғимараттың холында қызмет алушылардың құқықтары туралы х-баннер (өрмекші) сатып алынып, орнатылды.
- мемлекеттік қызметтер көрсету және ұсыну бойынша мәдениет саласының мамандары үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Азаматтарды қабылдау орталығында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, экономиканың нақты секторы бөлімі, сондай-ақ Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппаратымен Ашық есік күні өткізілді.
- Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесіп, Богодаровка және Сынтас ауылдарна іссапар жүзеге асырылды.
- мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында аудандық кітапхана ғимаратында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер алу бойынша брошюралар тұрақты түрде таратылады. 2024 жылдың 12 айында 245 брошюралар таратылды.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде «Электрондық үкімет» порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету 1 бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді алу журналы жүргізіледі. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 10 қызмет көрсетілді.
Бөлім маманымен аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді кейін электрондық форматта алу мүмкіндігі бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ғимаратта мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу бойынша барлық қажетті техникамен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Біліктілікті арттыру мақсатында 2024 жылы 21-23 мамыр аралығында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсететін маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менджмент және комплаенс» тақырыбында 3 күндік біліктілікті арттырудың курсынан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолданады.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жүргізілмеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілмеді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелерде ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер парақшаларында жариялау;
- көрсетілетін қызметті алушыларды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы дәріптеу және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Бөлім басшысы Б. Татваева