«Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің 2024  жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Қызмет беруші туралы мәлімет.

Бөлім сәулет және ТКШ саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

  • Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 366 құрайды, оның ішінде:

электрондық түрде барлығы – 354;

мемлекеттік корпорацияға – 12;

  • Неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

         - Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну бойынша СЖТ-105;

          - Нобаймен (нобайлық жобамен) келісу бойынша-101;

        Сондай-ақ көрсетілген қызметтер:

- Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтама -7;

-  Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (1 - кезең)-28;

-  Тұрғын үйге есепке және кезектілікке қою -21;

- Күзгі-қысқы жағдайларда энергия өндіруші ұйымдарға дайындық паспортын беру -33;

- Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау -57;

-  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру -2;

  1. Қызмет алушылармен жұмыс атқару.

          1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.

2024 жылғы 24 қаңтарда «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің мамандарымен және «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманымен  мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Open Sharbaqty» онлайн жәрмеңке өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде  орналастырылды.

2024 жылғы 27 наурызда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің,  «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің мамандарымен бірлесіп, Александровка ауылдық округінің Жаңа-Ауыл, Александровка ауылдарына барып, мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

2024 жылғы 28 наурызда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебіне жария талқылау өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

2024 жылғы наурызда ғимаратта көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары бойынша Х-баннер орнатылды.

2024 жылғы 6 желтоқсанда «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мамандарымен және «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманымен бірлесіп, Азаматтарды қабылдау орталығында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ашық есік күні өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

 

2024 жылғы 11 желтоқсанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-ніңбас маманымен бірлесіп, Шарбақты ауылдық округінің Малиновка ауылына барып, мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

2024 жылғы 11 желтоқсанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету туралы онлайн тікелей эфир өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

        Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін бөлім мамандары аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          2024 жылғы 13-15 мамыр аралығында бөлімнің бас маманы Е.Н. Балашова Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында «Ең алдымен - адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша  оқытудан өтті (сертификат алды).

          2024 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында бөлімнің бас маманы С.В. Сероокий Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында «Дебюрократизациялау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбы бойынша  оқытудан өтті (сертификат алды).

          Бұдан басқа, басшы және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандар тиісті Заңдарды, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырып отырады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мамандар мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

          2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі функциялар бөлімнің бас маманына бекітілген.

          3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

          2024 жылы өткізілген жоқ.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

          2024 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау;

- бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);

- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу.

 

 

Бөлім басшысының м.а.                                     С. Сероокий

 

Дата публикации
07 марта 2025