Аудан аумағына өсімдік тектес өнімдерді әкелу

Қазіргі уақытта ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ТМД елдері мен алыс шетелдерден тұқымдық материалдарды әкеледі немесе әкелуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты қызметі карантинге жатқызылған өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өсімдік шаруашылығы өнімін мемлекетаралық тасымалдау кезінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне («ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ, Шарбақты ауылы, 8/1 ветенті көшесі) карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келуі туралы және карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін өнімді жеткізу орындарында, келген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

Мемлекетаралық тасымалдар экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаты болған кезде жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінімдер: карантинге жатқызылған өсімдік шаруашылығы өнімінің орнын ауыстыруға фитосанитариялық сертификат беру «Электрондық үкімет» порталына беріледі. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өсімдік шаруашылығы өнімі, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болған кезде - фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің межелі жері бойынша тиісті актілерді ресімдеу арқылы карантиндік тексеруге жатады.

Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор карантинге жатқызылған өнiмнiң иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдердiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiктi, карантинге жатқызылған өнiмдi сырттай қарап тексередi, карантинге жатқызылған өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеп алуды, оларды өсiмдiктердiң зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптерді анықтау мақсатында сол жерде зерттеудi жүргiзедi. Қажет болған жағдайда үлгілер мен объектілер уәкілетті ұйымға объектілердің карантиндік түрлерге түрлік тиесілігін растауға беріледі.

Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, ол экспорттаушы елге оның иесінің қаражаты есебінен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасының шекаралық органдарына және мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.

Карантиндік объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтарылуға, залалсыздандырылуға, карантиндік арамшөптерден тазартылуға немесе техникалық қайта өңделуге тиіс. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазалауға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелері төлейді. Осы талаптардың барлығы аудан аумағына карантиндік объектілердің кіруіне және таралуына жол бермеу мақсатында орындалуға міндетті. Аталған рәсімдер өткізілмеген жағдайда кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнаманың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасының өсiмдiктерi мен аумақтарын карантиндiк объектiлердiң кiруiнен және таралуынан қорғау, олардың таралуынан келтiрiлген зиянды болдырмау, азық-түлiктiк және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ

 

 

Дата публикации
27 февраля 2025