Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.02.2025 - 05.03.2025
Қабылдау 1 этап: 06.03.2025- 11.03.2025
Қабылдау 2 этап: 13.03.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.03.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.03.2025
Сұхбат: 26.03.2025
Анықтама телефоны: 87774357515
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 230700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Бес жылдық кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу (2 кезең, жылына 2 рет);
Ауданның даму Жоспарын жыл сайын түзету; Жыл қорытындысы бойынша ауданның даму жоспарын іске асыру туралы жедел есептілік; ауданның даму жоспарын облыстың жоғары тұрған басқармаларымен келісу; Ай сайын жиынтық есепті дайындау және аудан әкімі мен облыс әкімі арасындағы меморандумның орындалуы туралы облыстың экономика басқармасына ұсыну; Ауданның даму жоспарын жүзеге асыру бойынша ақпараттар, анықтамалар, аналитикалық жазбалар дайындау; Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму паспортын қалыптастыру; Шарбақты ауданының тірек елді мекендерін дамыту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу және түзету; Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы №8 Нысанды ай сайын қалыптастыру; Easy Project жүйесінде «Ауыл-ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы туралы тиісті ақпаратты дайындау, мониторингілеу және ұсыну және «Ауыл-ел бесігі» жобаларының сабағы; Аудан дамуының негізгі бағыттары бойынша мәслихаттарда, әкімдіктерде бөлім басшысының сөз сөйлеуі үшін баяндамалар мен слайд материалдарын дайындау; Ауданның ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайынғы мониторинг жүргізу, облыстың жоғары тұрған басқармаларымен келісу, eakimat365 жүйесіне енгізу; Әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыстың экономика басқармасына болжамды деректерді ай сайын ұсыну; Ауылдық округ
әкімдерінің тоқсан сайынғы рейтингін өткізу; Жоспарланған және есеп берілген объектілер бойынша негізгі капиталға инвестициялар, құрылыс, тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштерінің егжей-тегжейлі мониторингі; Облыстық және аудандық тапсырмаларға ақпарат дайындау; Облыстың қалалары мен аудандары бөлінісінде көрсеткіштердің көлемі мен серпінін айқындай отырып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ай сайын бөлу, іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру барысы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ай сайын ақпарат беру; Жоғары тұрған органдарға сұратылған ақпаратты ұсыну; Тіркеу сатысында өтініштерді тіркеу карточкасының деректемелерін дұрыс толтырғаны үшін жауапкершілік; Өзара алмасушылық және есеп берушілік; Жоғарыда санамаланған міндеттерге кіретін мәселелер бойынша мәліметтер, ақпараттар, есептер беру;
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, статистика, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, 051801 2 - Бухгалтер
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.