«Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ереже.
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» КММ (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 26 мекенжайында орналасқан, байланыс телефоны – 8 (71836) 23007.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» №88-V  Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

  • Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2024 жылы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетілді:

  1. «Спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдер, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі».
  2. 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 107, оның ішінде:    -Шарбақты ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 107 қызмет;

- электрондық түрдегі электрондық үкімет порталы арқылы– 0.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд (көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, қағидалар, өтініш үлгілері, шағымдар журналы), Х-баннер (өрмекші) орналастырылған.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Бөліммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде электрондық қызметтерді танымал ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Пандус, қоңырау түймесі бар. Ноутбук, үлестірме материалдар бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде: тікелей эфирлер, түсіндіру әңгімелесулері, көшпелі кездесулер, осы тақырып бойынша брошюралар мен парақшалар бере отырып, дөңгелек үстелдер. Бөліммен Шарбақты ауылының тұрғындары арасында бірқатар ақпараттық – түсіндіру іс-шаралары, сондай-ақ ХҚКО қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша функциялар мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Л.В. Колесникке бекітілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінде оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлімнің маманымен электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізледі.

Халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы қажетті мемлекеттік қызметтерді өздері ала алады. Қажет болған жағдайда бөлім маманы азаматтардың порталды пайдалану бойынша туындаған сұрақтарына жауап береді, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу туралы ақпарат береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Бас маман мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жіберілген жоқ.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мәдениет, дене тәрбиесіжәне спорт бөлімінде жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі талдау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2024 жылы мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Шарбақты ауданы әкімінің аппаратымен 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді.Тексерілген кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 шілдеге дейін төрт тармақ бойынша 6 бұзушылық анықталды:

      - Көрсетілетін қызметті берушілердің, «электрондық үкімет» веб - порталында, интернет - ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын орналастырылуға жататын мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізу – 1;

-  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқалар) болуы – 1; 

-   Құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету – 1;

-   Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау – 3.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізілген жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

         Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг 2024 жылы жүргізілген жоқ.

      5) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарастыруды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

- Бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барлық қажетті жағдайлар жасау;

- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету:

- мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөліміндегі ақпараттық стендтерді жаңарту, ауданның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру, БАҚ-та, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау.

Дата публикации
14 февраля 2025