2024-2028 жылдарға арналған Павлодар облысы Шарбақты ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

  1. 2024-2028 жылдарға арналған Павлодар облысы Шарбақты ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

          Шарбақты аудандық

        мәслихатының төрайымы                                   Г. Смаилханова

Дата публикации
10 декабря 2024