Шарбақты ауданы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының             2-тармағына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.0Шарбақты ауданы әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы (бұдан әрі – Азаматтарды қабылдау орталығы) құрылсын.

  1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс регламенті бекітілсін.
  2. «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Шарбақты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Е. Жакишеваға жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі

 

   С. Иманкулов

Дата публикации
22 ноября 2024