«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Шарбақты ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.11.2024 - 26.11.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.11.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 30.11.2024

Сұхбат: 04.12.2024

Анықтама телефоны: 2 12 90

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

'Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі' мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Аудан бюджетін жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастыру; бухгалтерлік  есеп  жүргізу  бойынша  жұмысты  орындайды  (негізгі

құралдарды, тауарлық - материалдық құндылықтарды есепке алу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу; салалық басқармаларға тұрғын үй салуға, реконструкциялауға және сатып алуға бюджеттік өтінімдер дайындайды; жеке қаржыландыру жоспарында көзделген қаражатты Қазынашылық органдары арқылы аудару; статистикалық және салықтық есептілікті жасау және оларды тапсыру; техникалық персоналға және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы, демалысқа сауықтыру жәрдемақысын есептеу және мерзімінде төлеу; қаржы бөліміне айлық, тоқсандық, жылдық есептерді ұсыну; бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқаулықтарды, басқа да нормативтік құжаттарды есепке алу; ақша қаражаттарына, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды есепте көрсету; активтердің, құндылығы төмен және тез тозатын заттардың және оларды сақтау пайдалану орындарындағы басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді әзірлеу және бекіту; бюджеттік бағдарламаларды бекіту және аудан бюджетін анықтау негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу; мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің штат кестесін бекіту және еңбек өтілін өзгерту негізінде өзгерістер енгізу; материалдық жауапты тұлғаларға олардың жауапты сақталуындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша

 

нұсқама    жүргізу;    бөлімнің    функционалдық    міндеттерінен    туындайтын тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындайды.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, 051801 2 - Бухгалтер

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
19 ноября 2024