«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру   Шарбақты ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.11.2024 - 21.11.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.11.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 27.11.2024

Сұхбат: 02.12.2024

Анықтама телефоны: 2 12 90

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесініңнің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарына сәйкес: «Мүгедектерге протездік -ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»,

«Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу», «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу», «Жүріп-тұруында қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».

Шарбақты ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде келесі нысаналы индикаторлардың түпкілікті нәтижелері мен іс- шараларын жүзеге асыруды және қол жеткізуді қамтамасыз етеді:-

«Әлеуметтік-көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жетімділігі бар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі»;

- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлесі (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында)»; Әлеуметтік қызмет

 

көрсетудегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін болжауға жауапты; Әр түрлі әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға кеңес беру және құжаттарды қабылдау;

Контингентті техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсетеді; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу жөнінде қаулы жобаларын даярлау;

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтеріне және оңалту құралдарына қажеттілікті анықтау және бағалау; Үйде қызмет көрсету, жартылай стационар және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың жеке бағдарламалары іс-шараларын іске асыру бөлігінде «E - Собес» ААЖ мәліметтердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету;

«Е-Акимат», «Әлеуметтік қызметтер порталы» ақпараттық жүйелеріндегі жұмыс; ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, жалғызілікті қарттар жөнінде ауылдық округтер тұрғысында мәліметтер базасын жүргізу және ақпарат қалыптастыру; «Salary» форматында төлеуге арналған тізімдерді қалыптастыру және бөлінген ақшалай қаражатты уақтылы игеру; Құжаттарды жүргізу және комиссия қарауына ұсыну: 22.06.1941 – 9.05.1945 жж аралығында кемінде 6 ай жұмыс істегендердің соғыс жылдарындағы еңбек өтілін анықтау бойынша; Семей полигоны бойынша біржолғы өтемақы төлеу үшін азаматтарды есепке алу және тіркеу жөнінде; қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі аудандық кеңес; мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес; «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау; Ай сайынғы және тоқсандық есептер бойынша мәліметтерді, ақпараттарды ұсыну;

Бөлім басшысы және сектор меңгерушісінің бір реттік тапсырмасын және басқа да тапсырмаларын орындау;

Өзара алмасушылық және есеп берушілік; «e-Otinish» өтініштерді қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қабылданған шешімдер мен мәселелер сипатын дұрыс толтырылуына жауапты.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, психология, құқықтану, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, маркетинг, әлемдік экономика, әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік аудит, құқық, экономика және менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік басқару, қоғамдық байланыс, халықаралық құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару, юрист, өңірлік даму

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
15 ноября 2024