Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы   «2024 – 2026 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 53/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шарбақты аудандық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 53/16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190453 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде  2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 488 465  мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 455 081 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 21 409 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 432 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 010 543 мың теңге;

2) шығындар – 5 628 147 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 61 384 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 121 836 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 60 452 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 201 066  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              201 066  мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Аудандық бюджетте 2024 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер келесі мөлшерде ескерілсін:

121 131 мың теңге – "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға;

37 398 мың теңге – жарықтандыру жүйесін ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне;

7 222 мың теңге – балалар алаңдарын абаттандыруға;

184 782 мың теңге – аумақты абаттандыруға;

50 744 мың теңге – спорт ғимараттарын жөндеуге және орнатуға;

738 352 мың теңге – автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге;

3 526 мың теңге – елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;

2 503 мың теңге – мемлекеттік органдардың ағымдағы шығындарына;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

         мәслихат төрағасы                                        

 

 

 

                

Дата публикации
16 октября 2024