Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-11 қосымшаларына сәйкес Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының 12-қосымшасынасәйкес Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.
  3. Шарбақты ауданды әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) «Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 205/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 болып тіркелген);

        2) «Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі «Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы»         № 205/7 қаулысына өзгерту және толықтыру енгізу туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы                                                           № 321/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4819 болып тіркелген).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
12 апреля 2024