«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Шарбақты ауданы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.04.2024 - 30.04.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.05.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 04.05.2024

Сұхбат: 10.05.2024- 14.05.2024

Анықтама телефоны: 2 12 90

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

"Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Статистика Департаментінің сайтында орналастырылған статистикалық деректердің ай сайынғы мониторингі; тірек ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының тоқсан сайынғы мониторингі; шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының тоқсан сайынғы мониторингі; тоқсан сайын оңтайландыру бойынша ақпарат беру; құрылыс жұмыстары көлемінің ай сайынғы мониторингі; шағын және орта бизнестің ай сайынғы мониторингі; статистикалық 1-Ө есепті тапсырған кәсіпорындардың тоқсан сайынғы мониторингі; облыс әкімі мен аудан әкімі арасында жасалған Меморандумды орындау бойынша ақпаратты жинау және өңдеу; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша анықтама ақпаратын өңдеу;

аудан бойынша іске қосылатын қайта өңдеу объектілерінің мониторингі; аудан бойынша проблемалық мәселелерді мониторингілеу; жоғары тұрған басқармаға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтаманы ай сайын қалыптастыру және ұсыну; Ауданның әлеуметтік- экономикалық даму нысандарын ай сайын қалыптастыру; әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыстың экономика басқармасына ай сайын болжамды деректерді ұсыну; ауданның әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуді үйлестіру, туындайтын проблемаларды анықтау және олардың шешілу жолдарын айқындау; бөлімге қолданыстағы нұсқаулық және нормативтік актілермен жүктелген басқа да функционалдық міндеттерді қамтамасыз ету; өзара алмасушылық және есеп берушілік; жоғарыда аталған міндеттерге кіретін мәселелер бойынша мәліметтер, ақпараттар, есептер беру.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, статистика, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, 051801 2 - Бухгалтер

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
12 апреля 2024