Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, E-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында не судья лауазымында кемінде бір жыл;
3) ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жыл.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 104 бұйрығындағы өзгертулерді есепке алумен).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
E-R-1 |
354069 |
406714 |
«Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51 тел. 8(71836)21290, e-mail: uprpers.ashr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс:
«Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
E-R-1 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы және толық орындалуына жауапты болу; аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды талдауды жүзеге асыру, қоғамдық-саяси бірлестіктердің жұмысын бақылау; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, БАҚ және халықты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; аудандық соғыс ардагерлері кеңесінің және еңбек, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктерінің жұмысын бақылау; бөлімнің жұмыс жоспарын дайындау және орындалуын бақылау; жалпы басшылықты қамтамасыз ету, жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, бөлімнің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан әкімі шешімдерінің орындалуын тексеруді ұйымдастыру, олардың қорытындылары бойынша аудан әкімдігінің отырысына материалдар дайындау; ауыл әкімдерімен жұмыстарды ұйымдастыру және семинарлар өткізу мемлекеттік рәміздердің қолданылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау; Бөлімдегі азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйін бақылау; Дін мәселелері бойынша іс-шараларды орындау; жастар саясаты бойынша жұмысты ұйымдастыру; терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру және өткізу; ақпараттық-насихаттау топтарының қызметін ұйымдастыру; көрнекі жарнама дайындау; ауылдар мен ауылдық округтер аумағында саяси іс-шаралар мен мемлекеттік мерекелерді өткізу; мемлекеттік тілдің толыққанды жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік актілермен бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. «А» функционалды блогы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіптік білім, техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе Жобаларды басқару); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және / немесе тарих және / немесе Тарих, Дінтану және / немесе тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия және/немесе Дінтану және / немесе Шығыстану және / немесе теология және / немесе түркітану және / немесе тарих және / немесе Исламтану және / немесе тілдер мен әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және / немесе саясаттану және / немесе Психология және/немесе мәдениеттану және / немесе әлеуметтану және / немесе Аймақтану және / немесе Қоғаммен байланыс және / немесе халықаралық қатынастар).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының(бұдан әрі – Қағидалар)2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ"халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына енетіндер.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
2) және 3) тармақтарда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі. Бұл ретте персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады.
Егер кандидат мемлекеттік қызметші болмаса персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік қызметтен шығарылған, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған тұлғакелесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Әңгімелесу кезінде кандидат, егер бұл Конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі келтірмесе, техникалық жазу құралдарын пайдалана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар әкімшілік актіге, конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға сотқа дейінгі тәртіппен шағымдануға құқылы.