Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 205/7 «Шарбақты ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4647 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2, 4, 5, 6, 8, 9 - қосымшалары осы қаулының 1, 2, 4, 5, 6, 8, 9 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы 8 - 2, 8 - 3, 8 – 4, 8-5, 8-6 - қосымшаларымен осы қаулының қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.
- 3, 7, 8 – 1 - қосымшалары алып тасталсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін;
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.