Шарбақты ауданы әкімінің 10.01.2024 ж. № 3/1 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес халықтың жайылымдық жерлердегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң айқындалсын.
  3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57 мекенжайы бойынша орналасқан «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінсін.
  4. «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) осы қаулыны қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін және оны орындау бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  5. «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі:

 жер пайдаланушыға осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберуді; 

 мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын жер пайдаланушыларға баламалы жер учаскелерін беруді;

 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

   Аудан әкімі                                                  

С. Иманкулов

 

 

 

 

Дата публикации
11 января 2024