Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы «Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 136/40 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.