Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шарбақты ауданының аумағында коммуналдық меншікке түскен сот шешімімен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларында 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалдықтарды басқару мақсаттары үшін жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Қалдықтарды басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі орган «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.».