Шарбақты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы «Үгіттеу жөніндегі баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды анықтау туралы» № 273/15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

         Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы «Үгіттеу жөніндегі баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4002 болып тіркелген) № 273/15 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Шарбақты ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шарбақты аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Шарбақты ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының 2 тармағы алып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 2- қосымшасы алып тасталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

Дата публикации
28 ноября 2022