АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 25 қазанда сағат 10.00-де шаруа (фермер) қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Байқау келесі мекен-жайда өтеді: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін, 2022 жылғы 3 қазаннан бастап 2022 жылғы 21 қазанға дейін ұсынылады.
Дата публикации
01 сентября 2022