АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылғы «15» қарашада сағат 10.00-де шаруа (фермер) қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс мына мекенжайда өтеді: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 51, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін, 2021 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 12 қарашаға дейін ұсынылады.
Дата публикации
17 ноября 2021