Павлодар облысы Шарбақты ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

        Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  11-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6-бабы  1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар облысы Шарбақты ауданының елді мекендерінде бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-   қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Павлодар облысы Шарбақты ауданының елді мекендерінде жер учаскелері үшін төлемақы базалық мөлшерлеріне түзету коэффициенттері осы шешімнің 9-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының аудандық бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 февраля 2021