«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ: Қазақстан Республикасы, 141100, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49 ғимарат, тел. 8 (71836) 2-19-53.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде барлығы 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі 539 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз www.elicense.kz 485 және 54 қағаздағы қызметтер.
1.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай – ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» - 74.
2.«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 326
5.«Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру» -24.
Қызмет алушылармен жұмыс атқару.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-мен көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.
14.05.2025 және 30.06.2025 жылдары тракторшы-машинист құқықтарын алу және ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын техникалық байқау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша онлайн-жәрмеңкелер өткізілді.
30.09.2025 жылы бөлім маманы мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша мекемелерде екі дөңгелек үстел өткізді
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін бөлім мамандары аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты мамандары тиісті Заңдарды, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады.
Бөлім мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы Мммлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді.
Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша 1 бұзушылық анықталды.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.
2025 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын дер кезінде қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында дер кезінде орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету әдістері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау;
- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу.
- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысы Ж. Баисов