«Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ:
Қазақстан Республикасы, 141100, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49 ғимарат, тел. 8 (71836) 2-34-91.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 262 құрайды, оның ішінде:
электрондық түрде барлығы – 262;
мемлекеттік корпорацияға – 0;
2025 жылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну бойынша СЖТ-69;
- Нобаймен (нобайлық жобамен) келісу бойынша-67;
Сондай-ақ көрсетілген қызметтер:
- Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтама -15;
- Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (1 - кезең)-19;
- Күзгі-қысқы жағдайларда энергия өндіруші ұйымдарға дайындық паспортын беру -39;
- Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау -60.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.
2025 жылғы 23 ақпанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің және «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің мамандарымен Шарбақты ауылдық округінің Сынтас ауылына барып, мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету бойынша түсіндіру іс-шарасы жүзеге асырылды, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 4 наурызда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауылдық округі аппараты» КММ-нің мамандарымен бірлесіп, Шарбақты ауылдық округінің Богодаровка ауылына барып, мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету бойынша түсіндіру іс-шарасы жүзеге асырылды, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 14 мамырда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің мамандарымен бірлесіп мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесін өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 30 мамырда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы Шарбақты ауданының бөлімдерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылы 30 шілдеде «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ бас маманы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мамандарымен бірлесіп мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесін өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 12 қыркүйекте «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-ме басшысының м.а. «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандарымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 26 қыркүйекте «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің маманымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 30 қыркүйекте «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 7 қазанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас мамандарымен брошюралар тарату бойынша іс-шара өткізілді.
2025 жылғы 8 қазанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ бас мамандарымен «Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК-ның студенттерімен мемлекеттік қызмет көрсету және ұсыну бойынша әңгімелесу өткізілді.
2025 жылғы 15 қазанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы Шарбақты ауылының тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша әңгімелесті.
2025 жылғы 17 қазанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас маманы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің мамандарымен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесін өткізді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2025 жылғы 28 қарашада «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас мамандарымен брошюралар тарату бойынша іс-шара өткізілді.
2025 жылғы 9 желтоқсанда «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-нің бас мамандары Шарбақты ауданының Азаматтарды қабылдау орталығында Шарбақты ауданының тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша әңгімелесу өткізді.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін бөлім мамандары аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
Басшы және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты мамандар тиісті Заңдарды, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады.
Мамандар мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі функциялар бөлімнің бас маманына бекітілген.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2025 жылы өткізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын дер кезінде қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау;
- бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);
- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу.