Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  1. Жалпы ережелер

 

Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:

«Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 26-үй мекенжайында орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (71836) 23-0-07.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетті:

  1. «Спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдер разрядтары, жоғары және орта деңгейдегі біліктіліктің екінші санатты жаттықтырушысы, жоғары деңгейдегі біліктіліктің екінші санатты нұсқаушы-спортшысы, жоғары және орта деңгейдегі біліктіліктің екінші санатты әдіскері, спорт төрешісі».
  2. 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 174, оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Шарбақты ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 167 қызмет;

- электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта – 7 қызмет көрсетілді.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары:

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында Бөлім ғимаратында ақпараттық стенд орналастырылған (көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, қағидалар, өтініш үлгілері, шағымдар журналы), сондай-ақ Х-баннері (өрмекші баннер) бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын жариялау және талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның ішінде электрондық қызметтерді кеңінен насихаттау бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Ғимаратта пандус пен шақыру түймесі орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда ноутбук пен ақпараттық-тарату материалдары бар.

Сондай-ақ халықты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі: тікелей эфирлер, түсіндіру әңгімелері, көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, кітапшалар мен ақпараттық парақшалар таратылды. Бөлім тарапынан Шарбақты ауданы тұрғындары арасында бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу функциялары мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы А.В.Макаренкоға бекітілген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім маманы аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Бөлімде халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Қажет болған жағдайда Бөлім маманы порталмен жұмыс істеу мәселелері бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы А.В.Макаренко мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру кестесіне сәйкес «Адамдар – басты құндылық: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша 2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында курсқа жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінде жыл сайын, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

Павлодар облысы әкімінің аппаратының «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024–2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бақылау іс-шарасын өткізді. 2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 15 тамызға дейінгі тексеру кезеңінде екі тармақ бойынша 4 бұзушылық анықталды:

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және т.б.) болмауы – 1;

-  мемлекеттік қызметті құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда көрсету – 3.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бақылау жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері.

2025 жылы қоғамдық бақылау шеңберінде Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижелері назарға алынып, алдағы жұмыста пайдаланылуда.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін көтеру перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін жоғарылату мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде: 

  • Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу;
  • қызмет алушылардың шағымдарын уақытылы қарау, туындаған себептер мен жағдайларды жою бойынша толық шаралар қабылдау;
  • Бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық қажетті жағдайларды жасау;
  • электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау және ақпараттандыру іс-шараларын жүргізу;
  • мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөліміндегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен тәсілдері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жариялау.

 

 

 

Дата публикации
10 февраля 2026