«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы,  141100,  Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57, байланыс телефоны: 8(71836)21651.

Жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтің барлығы 11 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ барлығы 172 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің www.elicense.kz ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 150 қызмет және қағаз түрінде 22 қызмет көрсетілді.

  1. 1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» –
  2. 2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 7.
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 6.
  4. 4. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» - 6.
  5. «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру».
  6. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендпен жабдықталға

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz), Шарбақты ауданының әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат пен мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының өзекті ережелеріне сілтеме орналастырылған «Жер қатынастары» кіші бөлімі бар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері мен тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары Бөліммен тұрақты түрде жүргізіледі.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша онлайн-жәрмеңке өткізілді.

2025 жылғы 20 ақпанда «Шарбақты ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді, сондай-ақ қосымша ақпарат беру мақсатында брошюралар таратылды.

2025 жылғы 18 наурызда «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Шарбақты ауылында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді, іс-шара барысында 8 аула қамтылып, тұрғындарға брошюралар таратылды.

2025 жылғы 30 мамырда «Шарбақты ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді, сондай-ақ брошюралар таратылды.

2025 жылғы 27 маусымда Шарбақты ауылындағы «Рассвет несие серіктестігі» ЖШС жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

2025 жылғы 10 шілдеде Шарбақты ауылындағы «АТО Щербактинский элеватор» ЖШС жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша брошюралар тарата отырып, дөңгелек үстел өткізілді.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Электрондық үкімет» порталы бойынша 1 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тіркеу журналы жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім мамандарымен аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлім ғимаратында азаматтардың «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына барлық қажетті құрал-жабдықтары бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандары біліктілікті арттыруға бағытталған іс-шараларға жіберілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Бөлімде жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Оның нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2025 жылы бөлім тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттікқызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігімен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- қызмет алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштердің түсуіне негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша толық шаралар қабылдау;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте және әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ғимаратта қажетті жағдайларды жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т.б.);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Дата публикации
15 мая 2026